23 Қараша 2023
91

Жастар арасында АИТВ-ның алдын алу

Жастар арасында АИТВ-ның алдын алу
Жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір
салтына бағыттау, АИТВ-ның алдын алу шараларын олардың арасында пәрменді
насихаттау мақсатында үстіміздегі жылдың 20 қарашасы мен 1 желтоқсаны
аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні ретінде жарияланып,
тақырыбы «Көшбасшылық қауымдастықтарға» болып бекітілді.
Осы күннің аясында Қорқыт Ата университеті гуманитарлық- педагогикалық
институтының білім алушыларымен кездесу болып өтті. Бұл іс шарада АИТВ
жұқтырғандарға байланысты кемсіту, алалау, таңба басу сияқты келеңсіз
әрекеттерге жол бермеу, гендерлік зорлық-зомбылыққа жол бермеу, АИТВ-ның
жұғу жолдарын және одан сақтану шараларын кеңінен насихатталды Іс шара
барысында тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, ойындар ойнатылды.