23 Қараша 2023
93

Дүниежүзілік ЖИТС-пен қарсы күрес күні

Дүниежүзілік ЖИТС-пен қарсы күрес күні
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық
орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы және №155 Д.Шыныбеков
атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы
күрес күніне орай «Көшбасшылық қоғамдастықтарға» тақырыбында
АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында мектеп оқушыларының арасында
түсіндірме жұымысы өткізілді. Іс-шара барысында Облыстық ЖИТС
орталығының Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев Облыстағы
аудандағы АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу
шаралары туралы мәлімет берді. Мектеп аяжаны А.Есенгелдиева салауатты
өмір салты, зиянды әдеттердің алдын алу тақырыбында баяндама жасады.
Оқушыларға ақпараттық парақшалар таратылып,сұрақ жауаптармен
қортындыланды.