23 Қараша 2023
100

"Болашағыңды бүгін ойла"

"Болашағыңды бүгін ойла"
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, АИТВ-ның алдын алу
шараларын кеңінен насихатттау мақсатында ЖИТС орталығының мамандарымен
"Болашағыңды бүгін ойла" тақырыбымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің
экономика және құқық институтында 2- курс білім алушылармен кездесу болды.
Кездесу барысында АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары, стигма,
дискриминация жайлы, сонымен қатар әр адамның денсаулығының жақсы болуы
көп жағдайда өзіне байланысты болатындығын, кез-келген тұлға өмірінің егесі,
әркімнің өмірі өзінің таңдауы екені туралы айтып, білім алушылар тарапынан
қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар,облыстық жастар денсулығы орталығының маманы қатысып
есірткінің, алкогольді ішімдіктердің зияны туралы айтып оларды салауатты өмір
салтын ұстануға шақырды. Кездесу соңында жастарға арналған АИТВ/ЖИТС
жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.