23 Қараша 2023
127

Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж студенттері

Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж студенттері
ақпараттандырылды
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Қызылорда қаласындағы
гуманитарлық экономикалық колледжде «Көшбасшылық қауымдастықтарға»
тақырыбында облыстық ЖИТС орталығы мамандарымен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында колледж студенттеріне әлемдегі, республика және облыс
аймағындағы эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу
шаралары жөнінде айтылды. АИТВ инфекциясына байланысты стигма,
дискриминацияға (таңба басу, алалау, кемсіту) жол бермеуге, оларды зиянды
әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Семинар
сұрақ-жауап түрінде қызықты пікір таласпен қатысушылар тарапынан қойылған
сұрақтар талқыланып, толық жауап берілді. Ақпараттық танылымдылық
материалдар таратылды.