23 Қараша 2023
87

АИТВ/ЖИТС туралы түсіндірме

АИТВ/ЖИТС туралы түсіндірме
Дүниежүзілік ЖИТС-ке карсы күрес күніне арналған «Көшбасшылық
қауымдастықтарға» тақырыбында Қызылорда қаласындағы №12 ІТ –мектеп
лицей, №235 мектеп гимназия, №7 мектеп- лицейде облыстық ЖИТС
орталығы мамандарымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында
оқушыларға АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу, сақтану шаралары
жөнінде мағлұматтар берілді. АИТВ/ЖИТС -тің ҚР, облыстыстағы індеттік
ахуалы жайында айтылды. АИТВ инфекциясына байланысты стигма,
дискриминацияға жол бермеуге, оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға
және салауатты өмір салтын ұстануға шакырылды. Кездесу соңында
үнпарақшалар таратылып, сұрақтарға жауап берілді.