23 Қараша 2023
79

Жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу

Жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу
Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылындағы №126 мектеп және
С.Сейфуллин ауылдық жердегі №137 мектеп оқушылары арасында жастар
мен жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары
жүргізілуде. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары,
алдын алу сақтану шаралары түсіндірілді.
Кездесу барысында
республикадағы, облыстағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық
жағдайы, оның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы слайд
көрсетілді. Оқушылармен мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап
берілді. Кездесу соңында жасөспірімдер мен жастарға арналған АИТВ/ЖИТС
жөніндегі буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
Сонымен қатар «Көшбасшылық-қауымдастықтарға» тақырыбымен
өткізіліп жатырған кампания барысы түсіндірілді.