23 Қараша 2023
87

АИТВ инфекциясын кәсіптік жұқтырудың алдын алу

АИТВ инфекциясын кәсіптік жұқтырудың алдын алу
Қызылорда қаласы «Темір жол» ауруханасында АИТВ инфекциясының алдын
алу, кәсіптік жұқтырудың алдын алу мақсатында медицина қызметкерлері арасында
АИТВ-ның әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ-ның жұғу
жолдары және кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары, қоғамда АИТВ/ЖИТС
жұқтырған адамдарға алалау, кемсіту, бөлу секілді көзқарастарды болдырмау, халыққа
АИТВ/ЖИТС жайлы түсініктерін кеңейту үшін қажетті мәліметтер беру, дертті
жұқтырып алғандарға медициналық жәрдем беру, инфекциямен өмір сүріп
жатқандарға психологиялық-әлеуметтік, моральдік көмектің жасалуына ықпал жасау
туралы сұрақ жауап түрінде дөңгелек стол өткізілді. Кездесу барысында қызу пікір
таласпен сұрақтар талқыланып, қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар
Сонымен қатар, АИТВ инфекциясына жедел тест жасау техникасы практика
жүзінде көрсетіліп, медицина мамандары да жасап үйренді.