21 Қараша 2023
75

АИТВ жайлы ақпараттандырылды

АИТВ жайлы ақпараттандырылды

 

Жыл сайын Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні адамдар мен үкіметтерге АИТВ-мен күрестің әлі де аяқталмағанын, оның өзектілігін көрсетеді және осы күні бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ – мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп ,ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады. 2023-ші жылдың 20 қарашасы мен 1-ші желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Көшбасшылық-қауымдастықтарға» тақырыбында он күндік науқан басталды.

«Көшбасшылық қауымдастықтарға» тақырыбы аясында Қармақшы ауданындағы Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектепте ата-аналар арасында тренинг-акция өткізілді. Шараға Қызылорда ЖИТС Орталығының аудандық аурухананың психо-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Айткул Балмаханова Майданбайқызы, психо-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің мейірбикесі Елбосынова Р, Аудандық полиция бөлімінің кадр саясат жөніндегі орынбасары Ерманов Қанат, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын қатысты.

Акция барысында ЖИТС-тің алдын алу, инфекциялық аурулардан, зиянды әрекеттерден сақтану, ЖИТС-тің жұгу жолдары туралы мәліметтер айтылды және ақпараттық танымдық материалдар таратылды. Тренинг барысында сұрақ –жауап алмасулар, түсіндірулер шаралары жүргізілді.

 

#Көшбасшылық_қауымдастықтар

#Лидерство_сообществам