20 Қараша 2023
78

Аудан тілшілері АИТВ инфекциясы туралы ақпараттандырылды

 Жергілікті "Қармақшы таңы " газеті ұжымы арасында "Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні" қарсаңында "Көшбасшылық-қауымдастықтарға" ұранымен семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Қызылорда Житс Орталығының аудандық аурухананың психо-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Айткул Балмаханова Майданбайқызы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Қ.Құрақбаева, СӨСҚ маманы Д.Құлмырзаева, ЖДО маманы М.Бековалар қатысты.

Шара барысында ЖИТС-тің алдын алу, жыныстық тәрбие, зиянды әдеттердің алдын алу, отбасы құндылықтары, әр адамның денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, инфекциялық аурулардан сақтану, салауатты өмір салтын ұстану жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.