09 Қараша 2023
86

Медицина қызметкерлері арасында семинар

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың
ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігерлері Ж.Кистаубаева , Г.Жұмабекова №4
қалалық емханада АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында әдістемелік
практикалық көмеккөрсетіп ҚР ДСМ “АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті
құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы 27.11.2020 жылғы
№211бұйрығына сәйкес
медицина қызметкерлері арасында семинар өткізді.
Семинар барысында тұрғындарды АИТВ инфекциясына тестілеуден өткізуге сәйкес
клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар тестілеу, АИТВ-ның облыстағы
індеттік ахуалы, таралу жолдары, алдын алу шаралары, атқарылатын іс-шаралар ,
қан алу сақтау тасымалдау ережелері, халық денсаулығы және денсаулық сақтау
жүйесі туралы Кодекстің АИТВ-ға байланыстым баптарымен, қылмыстық кодекс
баптары бойынша ақпараттар берілді. Нормативтік құжаттармен таныстырып,
медицина қызметкерлері тарпынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
ЖИТС орталығының ұйымдастыру
әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева