01 Қараша 2023
117

Денсаулық-қалашығы

Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының ұйымдастыруымен Шиелі кентінің орталық базарында "ALTAIR" сауда орталығында "Денсаулық-қалашығы" өткізілді. іс-шараның негізгі мақсаты аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау. "Денсаулық қалашығы" құрамында гинеколог,хирург,лор,терапевт,офтальмолог,стомотолог, психолог мамандары және рентген машинасы,экг,удз аппараттары мен қандағы қант құрамын,холестеринді анықтау, жедел тест арқылы АИТВ-ға тестілеу т.б қызметтер көрсетілді. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Шиелі ауданындағы филиалының мамандарымен АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы дауыс ұлғайтқыш арқылы хабарланып, парақшалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.