28 Қазан 2023
130

Болашағыңды бүгін ойла!

Қызылорда қаласындағы №120, 171 орта мектепте  "Болашағыңды бүгін ойла" тақырыбымен ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру   болып табылады. Кездесу соңында АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды және бейнероликтер көрсетілді.