27 Қыркүйек 2023
134

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының маманы Н.Смағұлова, Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұловтың қатысуымен, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жаңақорған ауданындағы «Жайылма» ауылы № 195 орта мектебі, «Әбдіғаппар» ауылы №213 орта мектебі және «Байкенже» ауылы № 193 мектептерінде оқушылар және мұғалімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында сұрақ жауап алмасып, ақпараттық парақшалар таратылып, қорытындыланды.