27 Қыркүйек 2023
165

«Денсаулық фестивальі-2023»

«Денсаулық фестивальі-2023»

 

"Денсаулық фестивальі-2023" және "Денсаулық қалашығы" өтті.

Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы мен аудан әкімдігінің бірлескен жоспарына сай аудан әкімі Ахатов Нұржан Сәбитұлының басшылығымен М.Шоқай орталық алаңында "Денсаулық фестиваль-2023" және "Денсаулық қалашығы" акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында "Денсаулық қалашығының" құрамында кардиолог,эндокринолог,невропатолог,терапевт, гинеколог,лор, хирург,психолог, орта буын мамандары экг, УДЗ аппараты, рентген машинасы, қандағы қант және холестерин мөлшерін анықтау, бой, салмақ, қан қысымын өлшеу, медициналық сақтандыруға қарамастан,тұрғындар тегін диагностикалық тексерулерден өтті. Акцияның негізгі мақсаты-денсаулық сақтау мен нығайту, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу, уақытылы медициналық тексерулерден өту, салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен жастар денсаулығы бөлімшесінің мамандары АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану тақырыбында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үнпарақтар таратылып, медициналық кеңестер берілді.