Қызылорда облыстық АИТВ орталығының ұйымдастыруымен, 2026 жылдың 9 сәуір күні Қызылорда №1 қалалық орталық емхананың медицина қызметкерлерінің арасында семинар өткізілді. Шара «Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023 - 2026 жылдарға арналған жол картасының» іс асыру мақсатында жүргізілді.
Семинар тақырыбы «АИТВ инфекциясының вертикальды жолмен берілудің профилактикасы, біріктірілген АИТВ - мен байланысты ауруларды диагностикалау және емдеу үшін АИТВ - мен өмір сүретін адамдарды басқару мәселелері және АИТВ - мен өмір сүретін адамдар мен халықтың негізгі топтарының стигмасы мен кемсітушілік мәселелері».
Оқыту шарасын Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру - әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Д.Утепова, эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі С.Балықбаева және емдік бөлімінің дәрігер - инфекционисті А.Балмаханова жүргізді.
Оқыту барысында, АИТВ инфекциясына байланысты стигма мен дискриминацияның алдын алу жолдары айтылып, пациенттердің құқықтары, психо - әлеуметтік қолдау мен АИТВ - мен біріктірілген аурулардың емделуі, диагностикалау жолдары сөз болды.
Шараның басты мақсаты - медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырумен қатар, әрбір пациентке құрметпен, түсіністікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Семинар соңынан семинарға қатысқан мамандарға сертификаттар берілді.
