2026 жылдың 24-ші ақпанында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен Қорқыт ата атындағы университетінің студенттері арасында АИТВ инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс- шараның басты мақсаты-жастардың АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар тақырыбында білім деңгейлерін көтеру және олардың арасында осы аурулардың таралуының алдын алу болып табылады.
Семинар аясында студенттерге АИТВ-ның дүниежүзіндегі,республикадағы, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ/ЖЖБИ жұғу жолдары, клиникасы, емі, зертханалық диагностикасы, алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша мағұлмат берілді.
Семинар барысында студенттерге қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын замануи капиллярлық және сілекейлік жедел-тестілер туралы мәліметтер беріліп, ақпараттық- білім беру материалдары таратылды және соңында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің
меңгерушісі С.Балықбаева
