Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «ЖИТС-ты жеңу қолжетімділікті қамтамасыз етуден басталады» тақырыбында Қазалы аудандық электр торабы қызметкерлері арасында АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық кездесу өткізілді.
Іс-шараға АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Қазалы филиалының эпидемиолог көмекшісі Т. Айбасов қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша халықтың ақпараттану деңгейін арттыру, аурудың өзектілігіне назар аудару, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу.
Кездесу барысында қызметкерлерге Республика және облыс көлеміндегі АИТВ/ЖИТС бойынша қазіргі эпидемиологиялық ахуал, инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары, ерте тестілеудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларға қолдау көрсету және қоғамдағы стигма мен кемсітушілікті жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.
АИТВ туралы дұрыс ақпараттану – өз денсаулығыңды қорғаудың маңызды қадамы.
