Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыруымен Байтерек school мектебінің жоғары сынып оқушыларының арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және АИТВ-ның алдын алу шаралары тақырыбында кездесу өткізілді.
Бұл шараның мақсаты жастар арасында ЖЖБИ-ның, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары және жеке бас гигиенасын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
