Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні ретінде аталып өтіледі. Осы күннің аясында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыруымен «Өркениет» медицина колледжінің студенттері арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және АИТВ-ның алдын алу шаралары тақырыбында кездесу өткізілді.
Бұл шараның мақсаты жастар арасында ЖЖБИ-ның, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары және жеке бас гигиенасын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
