Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Облыстық АИТВ инфеециясының алдын алу орталығы ҚР ДСМ-нің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар Ғылыми орталығының тапсырмасына сәйкес 2026 жылдың қаңтар айынан бастап облыс көлемінде жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша ақпараттық- түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
2026 жылдың 19-шы ақпанында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу  орталығында   «Өркениет» медициналық колледжі студенттері арасында «Ашық есік  күні»  ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты-жастар арасында, оның ішінде медициналық колледж студенттерінің АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар тақырыбында білім деңгейлерін көтеру және осы аурулардың жастар арасында таралуының алдын алу болып табылады.
«Ашық есік күні» аясында медициналық колледж студенттері арасында АИТВ-ның республикадағы, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ/ЖЖБИ жұғу жолдары, клиникасы, емі, зертханалық диагностикасы, алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша семинар-сабақ ұйымдастырылды. 
Семинар барысында колледж студенттеріне қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын замануи жедел-тестілер туралы мәліметтер беріліп, оларға капиллярлық және сілекейлік тестілерді қою ережелері мен талаптары бойынша  орталықтың мамандарымен практикалық сабақ өткізілді.
«Ашық есік күнінде» студенттер  АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының жұмысымен таныстырылып, семинар аяғында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі  С. Балықбаева