Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ АКЦИЯ: «БІЗ ЕСІРТКІ МЕН ЖИТС-КЕ ҚАРСЫМЫЗ!»

Жастар — біздің болашағымыз, ал салауатты болашақ — дұрыс таңдаудан басталады!

Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні қарсаңында Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде студенттердің қатысуымен ауқымды акция өтті. Іс-шара Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен колледждің біріккен жоспары негізінде ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты:

Студенттер арасында нашақорлықтың, АИТВ (ВИЧ) және ЖЖБА (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар) дертінің алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салты мен жауапты мінез-құлықты қалыптастыру.

Акция барысында білікті мамандар студенттермен ашық сұхбат жүргізіп, маңызды ақпараттармен бөлісті:

Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиал меңгерушісі Ж. Пернебаева өз сөзінде жастардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауының маңыздылығын және дерттің алдын алудың басты жолдарын түсіндіріп өтті.

Эпидемиологиялық бөлімнің маманы У.Райым студенттерге эпидемиологиялық ахуал, жұғу жолдары мен сақтану шаралары туралы нақты деректер мен құнды кеңестер берді.

Кездесу соңында қатысушыларға тақырыптық ақпараттық-түсіндірме парақшалары (буклеттер) таратылды.

Жастық шақ — қателіктерге бой алдыратын емес, жарқын болашаққа негіз қалайтын кезең. Денсаулығымызды бірге сақтайық!