Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінде АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – білім алушылардың АИТВ/ЖИТС туралы түсініктерін кеңейту, инфекцияның алдын алу жолдары жөнінде қажетті ақпарат беру және жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру.
Іс-шара барысында мамандар жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен АИТВ-ның жұғу жолдары, атап айтқанда қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде және анадан балаға жүктілік, босану, емізу кезеңдерінде берілу мүмкіндігі туралы түсіндірді. Сонымен қатар сақтану шаралары, жеке бас гигиенасын сақтау, облыстағы эпидемиологиялық ахуал және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері қозғалды.
Кездесу соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, қажетті ақпараттармен танысты. Қатысушыларға тақырыпқа байланысты ақпараттық материалдар таратылды.
Аталған шараға барлығы 60 білім алушы қатысты.
АИТВ туралы ақпараттану – инфекцияның алдын алудың маңызды қадамы. Әрбір жас өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс!
#АИТВныңАлдынАлу #ДүниежүзілікЖИТСкеҚарсыКүресКүні #ЖастарДенсаулығы #СалауаттыӨмірСалты #Ақпараттану
