Жастар мен жасөспірімдерге ЖЖБИ туралы ақпарат беру, АИТВ/ЖИТС жөніндегі ақпараттану деңгейін арттыру, стигма, дискриминацияның алдын алу, салауатты өмір салты дағдысын жастар санасына сіңіру, осы дерттің жастар арасында таралуына жол бермеу мақсатында «Абылай хан» атындағы жоғары колледж оқушылары, мұғалімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұндай іс-шаралар әрі қарай оқу орындарында өз жалғасын таппақ.
