Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Қазалы филиалының ұйымдастыруымен Қазалы аграрлық техникалық колледжінде жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, жастардың денсаулыққа жауапкершілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шара барысында мамандар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, қорғану шаралары, ерте анықтаудың маңызы және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар қатысушыларға өздерін толғандырған сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы ақпараттық материалдар таратылды.
Мұндай кездесулер жастардың денсаулық сауаттылығын арттырып, қоғамда АИТВ туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға бағытталған.
