Қармақшы ауданы ПӘК кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен №29 мектепте жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясы және жыныстық жолмен жұғатын аурулардың (ЖЖЖА) алдын алу тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында мектеп мұғалімдеріне АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, ЖЖЖА-дан сақтану және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – педагогтердің АИТВ және ЖЖЖА туралы білімін арттыру, жасөспірімдерге дұрыс әрі сенімді ақпарат жеткізуге ықпал ету және аурулардың алдын алу шараларын күшейту.
Мектеп мұғалімдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті кеңестер алды.
