Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жастар денсаулық кабинетінің мамандарының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай жүктілер арасында «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шараға аудандық отбасын қолдау орталығы, облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі аудандығы филиалының мамандары мен аудандық емхананың психолог мамандары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты АИТВ мен ЖЖБИ-дың алдын алу, дұрыс тамақтану және психологиялық көмек беру. Іс-шара барысында аудандық емхананың психолог мамандыры ұйымдастырған «Анадан нәрестеге хат» тақырыбында қатысушылар арасында тренинг ойынын өткізіп, тақырыптық ақпараттық парақшалар таратылды.
