АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының ұйымдастыруымен «Тең-теңімен қағидасы» бойынша Y-PEER халықаралық жастар желісінің еріктілері қаладағы №172 орта мектепте тренинг өткізілді.
Тренинг барысында қатысушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар, интерактивті ойындар, пікірталастар және сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, жастар өз ойларымен еркін бөлісті.
«Тең теңімен» қағидасының ерекшелігі – жастар ақпаратты өз құрдастарынан қабылдау арқылы тақырыпты жеңіл әрі тиімді түсінеді. Осындай форматтағы кездесулер жасөспірімдер мен жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді
