Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен Шиелі индустриалды - аграрлық колледжінің біріккен іс - шаралар жоспары негізінде, аудандық полиция бөлімінің КТІЖБ инспекторларының қатысуымен ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай студенттер арасында дөңгелек стол өткізілді. Іс - шараның басты мақсаты студенттер арасында АИТВ мен ЖЖБА - ның алдын алу, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау. Арнайы мамандар тарапынан ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыптық парақшалар таратылды.
