Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Жаңақорған ауданы Психо әлеуметтік кеңес беру кабинетінің мамандарының қатысуымен жедел жәрдем бөлімінде әдістемелік-практикалық көмек көрсетіліп, семинар өткізілді. Медицина қызметкерлеріне АИТВ-ның індеттік ахуалы, берілу жолдары мен алдын алу шаралары және АИТВ-ны кәсіптік жұқтырудын алдын алу, тақырыбында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында семинар ұйымдастырылып ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Медицина қызметкерлеріне ерте диагностикалаудың маңыздылығы түсіндіріліп, клиникалық көрсетілімдер бойынша тексеруден өтудің қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар, мейіргер А Омарова АИТВ инфекциясын заманауи жедел анықтау әдісін көрсетіп , 5 медицина қызметкері сілекей тестілеуден өткізілді.
