Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында 2026 жылдың 11 - ші наруызында облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген 2026 жылдың жоспарына сәйкес Қызылорда облысының қылмыстық - атқару жүйесі департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық АИТВ орталығының ұйымдастыруымен «Қылмыстық - атқару жүйесі мекемелерінде АИТВ - инфекциясының індеттік ахуалы, арнайы контингенттер арасында АИТВ - ның мекемеішілік таралуының алдын алу шараларын күшейту» тақырыбында бірлескен мәжіліс ұйымдастырылды.

Бірлескен мәжілістің басты мақсаты - Қызылорда облысында пенитенциарлық мекемелерде АИТВ инфекциясының мекеішілік жұғудың алдын алу болып табылады.

Мәжіліске облыстық денсаулық сақтау басқармасының ,облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің, облыстық АИТВ орталығының жауапты мамандары мен №3, №6 емханалардың бас дәрігерлердің орынбасарлары, №60, №68, №37 мекемелер басшыларының орынбасарлары және №60, №68, №37 мекемелердің медициналық қызметкерлері қатысты.

Мәжіліс барысында «ҚР - да 2025 жылы Республикада, облысымызда және қылмыстық - атқару жүйесі мекемелерінде АИТВ - инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайы, арнайы контингенттер арасында АИТВ - инфекциясының мекемеішілік жағдайларының тіркелуі және 2026 жылы АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын күшейту» тақырыбында эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісінің баяндамасы тыңдалды.

Баяндама барысында №3 емханаға қарасты №60, №37 мекемелер мен №6 емханаға қарасты №68 мекемелерде 2025 жылы АИТВ инфекциясының алдын алуда атқарылған жұмыстарына талдау жасалып, баға берілді.

Мәжіліс барысында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, қатысушылар бірлескен мәжілістің шешім жобасымен таныстырылды.

Пенитенциарлық мекемелерде арнайы контингент арасында АИТВ инфекциясының алдын алуда жүргізіліп жатқан жұмыстарды жандандару және әрі қарай жалғастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі

Балыкбаева С.Ш