Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыруымен «Арай Сити Молл» сауда-ойын-сауық орталығында «Өз мәртебеңді біл!» атты кең ауқымды ақпараттық-профилактикалық акция өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың АИТВ инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыру, инфекцияның алдын алу жолдарын түсіндіру және әр азаматты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Акция барысында тұрғындарға:

Тегін экспресс-тестілеу ұйымдастырылды. Келушілер жасырын және тегін түрде АИТВ-ға экспресс-тест тапсырып, қысқа уақыт ішінде өз мәртебесі туралы ақпарат алды.

Мамандар кеңесі көрсетілді. Дәрігерлер мен эпидемиологтар АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары және уақтылы тексерілудің маңыздылығы туралы жеке кеңес берді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға АИТВ инфекциясының алдын алуға қатысты ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратылып, қызыл лента тағылды.

Акция қорытындысы бойынша 25 адам тегін экспресс-тестілеуден өтіп, мамандардан кеңес алды.

Халық көп шоғырланатын жерде өткізілген профилактикалық акция тұрғындардың қызығушылығын тудырып, денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Өз мәртебеңді білу – өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қараудың маңызды қадамы!

#ӨзМәртебеңдіБіл #АИТВ #ЖИТСкеҚарсыКүресКүні #АИТВАлдынАлу #Қызылорда