Облыстық АИТВ мнфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының мамандары мен аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жастар денсаулық кабинетінің мамандарының және онколог дәрігерінің қатысуымен №156 мектепте мұғалімдер мен оқушылар арасында АИТВ және ЖЖБА - дың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өңеш,бас және мойын қатерлі ісіктерінің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс - шара барысында сұрақ жауаптар алмасып, тақырыптық парақшалар таратылды.
