Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық емхананың жастар денсаулық кабинетінің ұйымдастыруымен АИТВ мен ЖЖБА-ның алдын алу мақсатында № 152 мектеп оқушылары арасында сұрақ-жауап сағаты өткізілді. Іс-шара барысында АИТВ мен ЖЖБА-ның берілу жолдары мен алдын алу шаралары,салауатты өмір салтын ұстану тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыптық парақшалар таратылды.
