Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білім бөлімінің біріккен іс-шаралар жоспары негізінде , Тартоғай елді мекеніндегі № 153 орта мектепте оқушылар арасында кездесу өткізілді. Кездесудің басты мақсаты оқушылар арасында АИТВ мен ЖЖБА-дың алдын алу, салауатты өмір салты мен жауапты мінез құлық қалыптастыру. Кездесу барысында филиал мамандары У.Райым мен Б.Парманқұлов тақырып бойынша баяндамалар жасады. Мектеп аяжаны А.Рахманбаева салауатты өмір салты, жауапты мінез құлық тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіді. Іс-шара барысында оқушылармен сұрақ жауап алмасып, тақырыптық парақшалар таратылды.
