Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен 2026 жылға бекітілген АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылдың 10-шы ақпанында «2025 жылы иньекциялық есірткі тұтынушылардың АИТВ инфекциясына тексеру және 2026 жылға осы бағыттағы жұмыстарды жақсарту» тақырыбында облыстық психикалық денсаулық орталығымен бірлескен мәжіліс өткізілді.
Бірлескен мәжіліс барысында АИТВ-инфекциясы бойынша Республикадағы, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдай, оның ішінде АИТВ-инфекциясының парентералды жолмен таралуына толықтай талдау жасалды. 2025 жылы ҚР ДСМ-нің 27.11.2020ж.№211 бұйрығына сәйкес облыстық психикалық денсаулық орталықтарында есепте тұрған иньекциялық есірткі тұтынушылар жылына 2 рет АИТВ-инфекциясына толықтай тексерілген, АИТВ инфекциясы анықталмаған.
Облыс бойынша АИТВ-инфекциясының парентералды жолмен таралуының алдын алу үшін облыстық психикалық денсаулық орталығымен жаңадан есепке алынған және осы диагнозбен есепте тұрған иньекциялық есірткі тұтынушыларды АИТВ-инфекциясына уақытылы тексеруді әрі қарай жалғастыру бойынша ұсыныстар беріліп, осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқару бойынша шешім қабылданды.
Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
С.Балыкбаева
