1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыруымен «Айт-Бек» сауда үйінде «Өз мәртебеңді біл!» атты кең ауқымды ақпараттық-профилактикалық акция өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың АИТВ инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыру, инфекцияның алдын алу жолдарын түсіндіру және әр азаматты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Акция барысында тұрғындарға:
🔹 Тегін жедел-тестілеу ұйымдастырылды. Келушілер жасырын және тегін түрде АИТВ-ға жедел-тест тапсырып, қысқа уақыт ішінде өз мәртебесі туралы ақпарат алды.
🔹 Дәрігерлер мен эпидемиологтар АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары және уақтылы тексерілудің маңыздылығы туралы жеке кеңес берді.
🔹 Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға АИТВ инфекциясының алдын алуға қатысты ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратылып, қызыл лента тағылды.
Акция қорытындысы бойынша 13 адам тегін экспресс-тестілеуден өтіп, мамандардан кеңес алды.
Халық көп шоғырланатын жерде өткізілген профилактикалық акция тұрғындардың қызығушылығын тудырып, денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Өз мәртебеңді білу – өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қараудың маңызды қадамы!
