Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Бейресми оқыту ұйымдастыру туралы» 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 43 бұйрығы мен «БМСК ұйымдарындағы жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасындағы семинар және аттестация өткізу туралы» 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 42 бұйрығының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, Қызылорда облыстық АИТВ орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 26-27 ақпан күндері медицина қызметкерлері арасында семинар-сабақтар өткізілді.
Семинар барысында, АИТВ инфекциясының әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Қызылорда облысындағы эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары, АИТВ-ның алдын алуға қатысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті болдырмау туралы тақырыптар қамтылды.
Жалпы, АИТВ инфекциясы қауіпті емес — қауіптісі — оған қатысты стигма және дискриминация!
АИТВ күнделікті тұрмыстық қатынаста жұқпайды!
АИТВ бар адам толыққанды өмір сүре алады: жұмыс істейді, отбасын құрады, бала сүйеді!
Қызметкерлер өзара тәжірибе алмасып, науқастарға адами және этикалық тұрғыдан қолдау көрсетудің маңыздылығы атап өтілді. Семинар соңынан барлық қатысушыларға бейресми оқу сертификаттары берілді және жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасында аттестация өткізіліп, білімдері қорытындыланды.
