Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

2023 жылдың 8 сәуір күні облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру - әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Утепова, эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі С.Балықбаева мен емдік бөлімінің дәрігер - инфекционисті А. Балмаханованың ұйымдастыруымен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Бейресми оқыту ұйымдастыру туралы» 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 43 бұйрығы мен «БМСК ұйымдарындағы жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасындағы семинар және аттестация өткізу туралы» 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 42 бұйрығына сәйкес, Қызылорда қалалық № 3 медицина қызметкерлері арасында семинар - сабақтар өткізілді.

Семинар барысында, «АИТВ - мен өмір сүретін адамдарды емдеу: ВИЧ/гепатит, жүрек - қан тамырлары, онкологиялық, неврологиялық, психиатриялық, акушерлік - гинекологиялық, өкпе, нефрологиялық және басқа да АИТВ - мен байланысты ауруларды диагностикалау және емдеу», «АИТВ мерездің, вирустық гепатиттердің анадан балаға берілуінің профилактикасы» және «АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері» туралы презентациялар жасалды.

Іс - шараның басты мақсаты - медицина қызметкерлеріне АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға кешенді көмек көрсету бойынша білім беру, медицина саласында адам құқықтарын сақтау, кемсітушілікті болдырмау және АИТВ - мен өмір сүретін азаматтардың өмір сапасын арттыру.

Семинар ашық форматта өтті. Қатысушылар семинар барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Семинар соңынан жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасында аттестация өткізіліп, білімдері қорытындыланды.