Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі міндеттер мен басым бағыттар талқыланды.
Жиынды орталықтың бас дәрігері Л.К.Ахмет жүргізді.
Талқылау барысында Жолдауда көтерілген мәселелер, оның ішінде денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, халықтың денсаулығын қорғау және профилактикалық жұмыстарды күшейту бағыттарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігін арттырудың маңызы атап өтілді.
Кездесу соңында ұжым мүшелері өз пікірлерін білдіріп, алдағы жұмыс бағыттары бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
