Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы облыстық филиалының қолдауымен бастауыш кәсіподақ ұйымы «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды. Шара барысында Орталықтың бас дәрігері Л.Ахмет қызметкерлердің биыл мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндеріне оқуға қажетті құрал жабдықтар салынған сөмкелерді табыстады. «Мектепке жол» акциясы бүлдіршіндердің риясыз күлкісімен, тақпақ, алғыстарымен жалғасты.
Балақайларымыздың білімге басқан қадамдары құтты болсын! Білім нәрімен сусындап, отан сүйгіштік рухтарының мықты болуына тілектеспіз!
