Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының мамандырының қатысуымен Сұлутөбе елді мекеніндегі №41 М.Шоқай атындағы орта мектепте оқушылармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектеп оқушыларын АИТВ инфекциясының алдын алу, сақтану шаралары мен жұғу жолдары толығымен түсіндірілді. Сонымен қатар ЖЖБА-ның алдын алуда ақпараттық сауаттылығын арттыру негізінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен сұрақ-жауап алмасып, ақпараттық білім беру парақшалары таратылды.
