Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

ҚР ДСМ-нің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар Ғылыми орталығының тапсырмасы бойынша 2026 жылдың қаңтар айынан бастап республика көлемінде жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Осы іс-шара аясында  2026 жылдың 18-ші ақпанында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында «Авиценна» медициналық колледжі студенттері арасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
«Ашық есік күнінің» мақсаты-жастар мен жасөспірімдер арасында, оның ішінде медициналық колледж студенттерінің АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар тақырыбында білім деңгейлерін көтеру және осы аурулардың жастар арасында таралуының  алдын алу болып табылады.
«Ашық есік күні»  аясында медициналық колледж студенттері арасында семинар-сабақ ұйымдастырылды, АИТВ-ның, ЖЖБИ жұғу жолдары, клиникасы, емі, алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар  арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша толық мағұлмат берілді. 
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын замануи жедел-тестілер туралы мәліметтер беріліп, колледж студенттері арасында капиллярлық және сілекейлік тестілерді қою ережелері мен талаптары бойынша орталықтың мамандарымен практикалық сабақ өткізілді.
«Ашық есік күнінде» студенттер  АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының жұмысымен таныстырылып, семинар аяғында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С. Балықбаева