Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Бейресми оқыту ұйымдастыру туралы» 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 43 бұйрығы мен «БМСК ұйымдарындағы жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасындағы семинар және аттестация өткізу туралы» 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 42 бұйрығының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, Қызылорда облыстық АИТВ орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 19 - 20 ақпан күндері Қызылорда қалалық орталық емханасының медицина қызметкерлері арасында семинар - сабақтар өткізілді. 

Семинар барысында, «АИТВ инфекциясының вертикальды жолмен берілудің профилактикасы, біріктірілген АИТВ - мен байланысты ауруларды диагностикалау және емдеу үшін АИТВ - мен өмір сүретін адамдарды басқару мәселелері, АИТВ - мен өмір сүретін адамдар мен халықтың негізгі топтарының стигмасы мен кемсітушілік мәселелері» мен «АИТВ - инфекциясын ерте анықтау туралы» тақырыптары талқыланды.

Семинардың негізгі мақсаты - медицина қызметкерлерінің АИТВ - инфекциясын ерте анықтау мақсатында қырағылықтарын көтеріп, білімдерін жетілдіру және АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру жолдары талқылау болды. 

Семинар ашық форматта өтті. Қатысушылар семинар барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды. 

Семинар соңынан жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасында аттестация өткізіліп, білімдері қорытындыланды.