Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мәжіліс залында АИТВ инфекциясын медицина қызметкерлері арасында жұқтырудың алдын-алу, АИТВ инфекциясына қан алу, сақтау, тасымалдау ережелерін және зертханалық диагностика бойынша медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында облысымыздың емдеу алдын алу мекемелерінің қан алуға жауапты мейірбикелері және қан тасымалдаушылары (курьер) арасында «Зертханалық зерттеу жұмысының преаналитикалық сатысының мәселелері (қан алу, сақтау, тасымалдау ережелері) және зертханалық диагностика» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді. Семинар сабақтың басты мақсаты - қан алу, сақтау және тасымалдау ережелерін қатаң сақтау, медицина қызметкерлері арасында АИТВ-ның алдын-алу бойынша ақпараттандыру. Семинар барысында оқылған дәрістер бойынша тыңдаушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, нақты жауап берілді.
