Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Медицина қызметкерлері арасында бейресми оқыту өтті 

2026 жылдың 12-13 ақпан күндері Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мәжіліс залында қалалық аурухана мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының медициналық қызметкерлері арасында, облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Утепова және дәрігер-инфекционисті А. Балмахановамен «Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023–2026 жылдарға арналған жол картасы» мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының «30» қаңтар 2026 жылғы № 42 бұйрығына сәйкес бейресми семинар сабақтар ұйымдастырылды. 

Семинар барысында медицина мамандарына АИТВ-мен байланысты ауруларды тиімді диагностикалау және емдеу бойынша білімдерін арттыруға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында, семинарға қатысушылар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты қалыптасқан теріс көзқарастарды талқылап, стигма мен кемсітушілікті азайтудың жолдарын қарастырды. Қызметкерлер өзара тәжірибе алмасып, науқастарға адами және этикалық тұрғыдан қолдау көрсетудің маңыздылығы атап өтілді. 

Семинар соңынан барлық қатысушыларға бейресми оқу сертификаттары берілді.