1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Қазалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері арасында «ЖИТС-ты жеңу қолжетімділікті қамтамасыз етуден басталады» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді.
Кездесуге Қазалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Н. Сейтханов және АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Қазалы филиалының эпидемиолог көмекшісі Т. Айбасов қатысты.
Іс-шара барысында маман АИТВ/ЖИТС инфекциясының қазіргі эпидемиологиялық ахуалы, оның жұғу жолдары, алдын алу шаралары мен уақтылы тексерілудің маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау, олардың өмір сүру сапасын жақсарту, қоғамдағы стигма мен кемсітушілікті болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – қызметкерлердің АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру.
АИТВ-ның алдын алу – өз денсаулығыңа қамқорлық жасаудан басталады!
#ДүниежүзілікЖИТСкеҚарсыКүресКүні #АИТВныңАлдынАлу #ЖИТСсізӘлем #Денсаулық
#ЗаңменТәртіп
#Заңбәрінеортақ
#АдалАзамат
