Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының 2026 жылға бекітілген жылдық жоспарына сәйкес эпидемиологиялық қадағалау және ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің мамандары Г.Махашова мен Г.Жұмабековамен көп бейінді облыстық балалар ауруханасына әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік көмек көрсету барысында 2026 жылдың 10 айында көпбейінді облыстық балалар ауруханасында АИТВ инфекциясының алдын алуда атқарылған жұмыстары, оның ішінде ауруханаға жоспарлы және жедел түрде жатқызылған балалардың клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тексеру жұмыстары қаралды.

Аурухананың медицина қызметкерлері арасында АИТВ инфекциясының Республикада, облысымызда қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалы, таралу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ диагностикасы мен емі, стигма мен дискриминация, АИТВ инфекциясына клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілетін зерттеулер тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар, жедел тестті қою техникасы, тест қоюға қажетті медициналық құрал-жабдықтар, тестілеуге жататын контингенттер бойынша мәліметтер беріліп, практикалық сабақ өткізілді.