Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «БМСК ұйымдарындағы жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасындағы семинар және аттестация өткізу туралы» 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 42 бұйрығын басшылыққа ала отырып, орталықтың 2026 жылдық жоспарын іске асыру мақсатында 2026 жылдың сәуір айының 13 - 15 аралығында Қазалы аудандық филиалының мамандарының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің орынбасары Ш.Утегенова және Қазалы филиал меңгерушісі П.З.Жолдыбаева, эпидемиолог дәрігері Р.В.Тлеумбетовтың қатысуымен Қазалы аудандық ауруханасының және Қазалы теміржол ауруханасының медицина қызметкерлері арасында семинар өткізілді. Семинар барысында АИТВ инфекциясының әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және облыстағы эпидемиологиялық ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары, АИТВ - ның алдын алуда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, анадан балаға берілудің алдын алу, АИТВ инфекциясының бар - жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп - қарау қағидаларын бекіту, АИТВ - ны кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары туралы ақпараттар берілді. Медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, кері байланыс жасалды. Сонымен қатар АИТВ инфекциясының тіркелу жағдайының жылдан жылға өсуі, науқастардың АИТВ - ға уақытылы тексерілмей кеш анықталуы және қайтыс болуға әкеліп соқтырудың алдын алу мақсатында мекемелердің жалпы тәжірибелі дәрігерлердің білімін тексеру мақсатында аттестация өткізілді.