АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Қазалы ауданындағы филиалы меңгерушісі П.З.Жолдыбаева және эпидемиологиялық бөлімнің дәрігері Р.В.Тлеумбетовтің ұйымдастыруымен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Бейресми оқыту ұйымдастыру туралы» 2026 жылғы 30 қаңтардағы №43 бұйрығына сәйкес Қазалы аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері арасында семинар-сабақтар өткізілді.
Семинар барысында, «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу: ВИЧ/гепатит, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, неврологиялық, психиатриялық, акушерлік-гинекологиялық, өкпе, нефрологиялық және басқа да АИТВ-мен байланысты ауруларды диагностикалау және емдеу», «АИТВ мерездің, вирустық гепатиттердің анадан балаға берілуінің профилактикасы» және «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері» туралы презентациялар жасалды.
Іс-шараның басты мақсаты - медицина қызметкерлеріне АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға кешенді көмек көрсету бойынша білім беру, медицина саласында адам құқықтарын сақтау, кемсітушілікті болдырмау және АИТВ-мен өмір сүретін азаматтардың өмір сапасын арттыру.
Қатысушылар семинар барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
