АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Қазалы филиалы Қазалы Қазақ-газ аймақ бөлімшесі қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты:- жастар арасында АИТВ инфекциясы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, жұқтыру жолдары мен сақтану шараларын насихаттау, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу және денсаулықтың маңызын көрсету.
Қызметкерлерге Республика, облыс көлемінде АИТВ-ның қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар берілді.
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшісі Т.Айбасов
